XIX ғасырдың екінші жартысындағы үндістанғы ислами модернизм және Сәйіт Ахмет Хан
Bibliographic Data
| ID | 22217466 |
|---|---|
| Authors | Бурханадин Абдилхаким (0000-0002-8271-866X, corresponding author), Бурхананадин Абдилхаким |
| Year | 2024 |
| Volume | 146 |
| Issue | 1 |
| Pages | 284-303 |
| Publication date | 2024-03-29 |
| Open Access | Yes |
| Type | ARTICLE |
| Venue | BULLETIN of the L N Gumilyov Eurasian National University Historical sciences Philosophy Religion Series (JOURNAL) |
| Journal identifiers | ISSN: 2616-7255 • E-ISSN: 2663-2489 |
| Publisher | L. N. Gumilyov Eurasian National University (PUBLISHER) |
| DOI | 10.32523/2616-7255-2024-146-1-284-303 |
| OpenAlex | W4393866353 |
| Language | EN |
| References cited | 3 |
19 ғасырда Еуропада индустриялды революция белең алып, ірі державалар әлем құрлығын отарлап жатқан дәуірде Үнді субконинентінде діни бағытта ерекше жаңашылдықтар орын алды. Бұл үдерістің жоғарыдағы екі фактормен тығыз байланысы бар. Себебі 1857 жылы Үндістан ресми түрде Ұлыбритания корольдігінің қол астына кірді. Осы кезеңде Үнді субконтинентінде азшылықты құраған мұсылмандар бір жағынан британ билігінің христиандандыру, екінші жағынан үнді миссионерлерінің қысымына қалды. Мұсылмандар өздері ғасырлар бойы билеген үнді елінде саяси биліктен айырылып, ислами білім беру жүйесі құлдырады. Үнді мұсылмандары осы күрделі жағдайдан шығудың жолын діни дәстүршілдіктен, діни фундаментализм, сонымен қатар діни модернизмнен іздеді. Бұл мақалада бізді қызықтыратын соңғысы. Модернистер діни догмаларды рационалдылық пен ақыл негізінде реформалауды көздеді. Олар қалыптасқан тығырықтан шығудың жолы негізге, яғни Құранға оралу деп санады. Осы аяда модернистер Құран үкімдерін орындалуы міндетті тұрақты және орындалуы міндетті емес өтпелі ретінде екіге бөліп қарастырды. Үнді модернистері ортағасырлық мұсылман ғұламаларын сынады және мұсылман қауымын батыстың ғылым мен технологиясынан пайдалануға үгіттеді. Ал саяси мәселелерде көбінесе британ билігін қолдады не пассивті позиция ұстанды. Мақалада 19 ғасырдағы үнді модернистерінің діни сенім, ислам құқығы және ислам тарихына қатысты жаңашыл ойлары, оның ішінде Үндістандағы ислами модернистердің жетекшісі саналатын Сәйіт Ахмет Ханның пікірлері жан-жақты қамтылады. Сондай-ақ модернистік бағытқа қарсы болған деобандия, хадисшілік секілді топтардың сыни көзқарастарына тоқталатын боламыз
Ancient history · Fundamentalism · Indian subcontinent · Islam · Political science · Politics · Sociology · Education and Islamic Studies · History · Islamic Finance and Banking Studies · Islamic Studies and History · Law · Philosophy · Religious studies
| Highly cited | No |
|---|