Skip to main content

ETHNOS_APP

Home • Search • Journals • List 0

Бидайық-асар қалашығынан табылған музыкалық аспап тарихы (біздің дәуіріміздің II-IV ғасырлары)

Bibliographic Data

ID22239646
AuthorsӘзілхан Тәжекеев, Зәбира Жәкішева
Year2024
Volume6
Issue4
Pages53-71
Publication date2024-12-14
Open AccessYes
TypeARTICLE
VenueTurkic Studies Journal (JOURNAL)
Journal identifiersISSN: 2664-5157 • E-ISSN: 2708-7360
PublisherL. N. Gumilyov Eurasian National University (PUBLISHER)
DOI10.32523/2664-5157-2024-4-53-71
OpenAlexW4405405174
LanguageEN
References cited2

Зерттеу жұмысында Шығыс Арал маңындағы Жетіасар мәдениетінің Бидайық-асар қонысынан Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициясының (әрі қарай ХАЭЭ) археологиялық зерттеу жұмыстары кезінде табылған, ағаштан жасалған музыкалық аспаптардың фрагменттері жайлы сөз болады. ХАЭЭ тарапынан Жетіасар шатқалындағы ескерткіштерде алғаш археологиялық ізденістері 1946 ж. басталып, 1948, 1949, 1951 жж. аралығында жүргізіледі. ХАЭЭ жетекшісі С.П.Толстовтың бастамасымен осы қалашықтарға қазба жұмыстары жүргізіліп, олардың ұқсастықтарына қарап, «жетіасар мәдениеті» деген атау берілді. Далалық зерттеу жұмыстары 70-80 жылдары жалғасын тапты. Бидайық-асар қалашығының б.д. ІV ғ. мерзімделетін екінші құрылыс кезеңі, тоғызыншы мәдени қабатынан табылған музыкалық аспап ғылыми қызығушылық туғызып отыр. Сонымен қатар, домбыраның шығу тегі мен мерзіміне қатысты тың деректер беруде. Музыкалық аспаптардың фрагменттері бойынша ғылыми реконструциялар жасалып, музыкалық археология бағытындағы ғалымдардың қызығушылығын туғызуда.Өткен ғасырдың 70-80-жылдарындағы зерттеулер бойынша Бидайық-асар қалашығы шамамен б.д. І мыңжылдығының І жартысында өмір сүрген. Осы мерзімделуді негізге ала отырып, ескерткіштен табылған музыкалық аспаптарды ағаштан жасалған, ең ежелгі ішекті аспаптардың тобына жатқызуға болады. Шанағының асты мен үсті ашық, домбыра шанағына жақын келесі музыкалық аспап Жетіасар мәдениетінде музыкалық аспаптардың бірнеше түрі қолданыста болғандығын көрсетеді. Қазіргі уақытта бұл аспаптың шығу тегіне және басқа музыкалық аспаптарға ұқсастығына қарай бірнеше болжамдар қалыптасты

Chemistry · Legal and Regulatory Analysis · Linguistic, Cultural, and Literary Studies · Military Technology and Strategies

  • The Sutton Hoo lyre and the music of the Silk Road

    Open Access•Gjermund Kolltveit•Antiquity•2022

Highly citedNo

Tools

Open DOIOpen Access
Ethnos_APP • Open Source Project • MIT License • Frontend v2.0.0 • Privacy and Cookies • API Documentation: api.ethnos.app/docs • API Source Code: GitHub • DOI: 10.5281/zenodo.17049435 • Frontend Source Code: GitHub • DOI: 10.5281/zenodo.17050053 • cruz.rio.br • Expectantes Misericordiae